«Сахабалар ғұмыры – имандылық нұры» атты танымдық-интеллектуалды жарыс өтті
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Жазира Айбекқызының ұйымдастыруымен «Сахабалар ғұмыры – имандылық нұры» атты танымдық-интеллектуалды жарыс өтті.
Жарысқа қатысушылар 4 топқа бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сұрақ-жауап ойынында қатысушылар сахабалардың өмірінен сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында қатысушыларға кітаптар берілді. Бұл аталған жарыс жамағаттың білімге деген құштарлығын арттырып, рухани кемелденуіне себепші болды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспаөз қызметі











































