Облыстық мешітте шәкірттер аралық бақылау тапсырды
Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде діни сауатын ашып жатқан әйел жамағатынан ұстаз Кенжегүл Кушкарова аралық бақылау алды.
Емтихан барысында шәкірттер қыркүйек айынан бері алған діни білімдерін саралап, теориялық және практикалық тұрғыда білім деңгейлерін сынады.
Шәкірттер ақида, Алланың Тағаланың есімдері, фиқһ, және тажуид дәрістерінен тест арқылы жауап берді. Сынақ барысында анықталған қателіктер ұстазбен бірлесе отырып талданып, білімді жетілдіру, дұрыс түсінік қалыптастыру бағытында нақты жұмыс жүргізілді.
Ұстаз шәкірттерге білім алудағы жауапкершілік, ықылас пен тұрақтылықтың маңызын атап өтіп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сілемі болсын) «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла Тағала оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді», деп ілім жолындағы әрбір талпыныстың сауабы зор екендігін еске салды.
Бұл аралық бақылау әйел жамағатының діни сауатын арттыруға, алған білімдерін жүйелеуге және алдағы сабақтарға тың серпін беруге бағытталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































