Облыстық мешітте мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі насихатталды 2887

Облыстық мешітте мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі насихатталды

29 тамыз 2023 215 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар ұйымдастырылып, оған 35 адам қатысты. 

Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегул Кушкарова әлеуметтің желінің пайдасы мен зияны туралы айта келе, желіні пайданудағы әдептерге тоқталды. Ал Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы, «Мұнара» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарының 3-ке бөлуінің туралы жіті түсіндіріп, ғаламтор желісінде ұзақ отырғаннан туындайтын 5 зиянды жіті талдап берді.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева әлеуметтің желідегі және де жалпы мұсылман әйелдердің әдебі мен көркем мінезі туралы насихат айтып, әлеуметтік желінің жасөспірімдердің болашағына кері әсері туралы әңгімеледі.

Аталған облыстық мешіттің ұстазы Ақмарал Ерболатова әйел жамағатына семинардан нақтылау мақсатында ойын ұйымдастырды.

Семинар қортындысында ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер аталған іс шараға оң бағасын беріп, ұстаздарға алғыс білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі