«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» атты шара ұйымдастырылды
«Ислам және адал қоғам жылы» аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» тақырыбында рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.
Аталған жиынды Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қушқарова жүргізді.
Сектор жетекшісі қоғамның іргетасы – отбасы екені, ал тәрбиенің бастауы бесіктен басталатындығы туралы айтты. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Одан өзге бүгінгі таңда отбасы бірлігі мен ынтымағын нығайту, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін баянады. Жиынға қатысушылар рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































