Ақтөбеде бірқатар кәсіпорындар сертификатталды 4097

Ақтөбеде бірқатар кәсіпорындар сертификатталды

30 қаңтар 2025 100 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Лаваш Центр Актобе», «Afsona Family» мейрамханасы, «Манты от Жанат» жартылай фабрикаттары, «Кіші Жүз Ет Орталығы» ет дүкендері.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы жаңадан ашылған «Afsona family» мейрамханасына жергілікті технолог маман Ақмаржан Ержанқызы тиісті аудит шараларын жүргізіп, «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай болып, сертификатқа ие болды.

Аталған сертификатты «Халал Дамудын» жергілікті өкілі Алмат Әли табыстап, мешітке жиналған жамағатқа халал тамақтанатын орындарымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында күн санап QMDB Halal» стандарты талаптарына сай кәсіпорындар саны артып келеді. Халалдан болсын асыңыз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі