Басқарма басшысы Ақтөбе өкілдігін наурыз мерекесімен құттықтады
Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев ҚМДБ Ақтөбе өкілдігін жыл басы наурыз айы мерекесімен құттықтап, атқарып жатқан діни қызметтерге сәттілік пен береке тіледі. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы басқарма басшысы Әлімбек Жәнібекұлын қабылдап, шынайы алғысын жеткізді. Алдағы уақытта бірге атқаратын шаралардың қуанышты сәттерінде бас қосуды жазсын деп өз лебізін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі