Темір: Ас беру мәзірі бекітілді 4095

Темір: Ас беру мәзірі бекітілді

29 қаңтар 2025 217 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінде ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі «Дін мен дәстүр» аясында ас беру мәдениетіне байланысты алқалы жиын өтті. Оған арнайы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Абишев және ауыл имамдары мен аудан ақсақалдары қатысты.

Аталған жиын барысында ауданның Бас имамы Зарлық Ералин садақадағы ысыраптың алдын-алуды, садақа мәзірін қарапайымдандыру туралы ұсынысын білдірді.

Шара қортындысында ас беру тәртібіне байланысты ұсынысты бірауыздан қолдап, ауданда бірыңғай ас беру мәзірі қабылданды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі