#Рамазан2026: Тарауық намазынан кейін  жамағат арасында футбол ұйымдастырылды 6044

#Рамазан2026: Тарауық намазынан кейін жамағат арасында футбол ұйымдастырылды

09 наурыз 2026 31 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сәйкес Ақтөбе облысы өкілдігінде рухани-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. 

Осы жоспар аясында Ақтөбе қаласындағы «Әл‑Ләтиф» мешіті жамағаты Рамазан айында бірлік пен бауырмалдықты арттыру мақсатында игі бастама көтерді. Тарауық намазынан кейін мешіт жамағат арасында бой сергітіп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шағын футбол өтті.

Аталған шара жамағаттың өзара ынтымағын нығайтып, жастарды мешітке тартуға және бос уақытты пайдалы өткізуге бағытталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі