Облыстың Бас имамы Алға ауданында жұма уағызын айтты 6558

Облыстың Бас имамы Алға ауданында жұма уағызын айтты

17 шілде 2026 42 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы іссапармен Алға ауданына барды. Сапар барысында аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Медіқұлұлы» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Ар-ұят – имандылық белгісі» тақырыбында жұма уағызын айтты. 

«Ар мен ұят – асыл дініміздің негізгі құндылықтарының бірі. Адам дініне қаншалықты берік болса, ары мен ұяты соншалықты жоғары болады. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», – деген қазақ халқы ар мен ұятты адам бойындағы негізгі асыл қасиетке балап, тарихта түрлі қилы кезеңдерден өтсе де, әрқашан ары мен ұятын жоғары қоя білген.

Ар-ұяттың иманмен байланысы туралы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Иман жетпістен астам тармақтан тұрады. Оның ең жоғарғысы – «Лә иләһа иллаллаһ» сөзі, ал ең төменгісі – жолда жатқан кедергіні алып тастау. Ал ұят – иманның үлкен бір тармағы» (имам Бұхари)» деп Амантай Садиев адам өміріндегі ар-ұяттың маңыздылығына жіті тоқталды.

Жұма намазынан кейін облыстың Бас имамы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі