Ойылда жас жұбайлардың некесі қиылды
ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Ойыл аудандық мешітінде жас жұбайлардың некесі қиылды.
Неке қию рәсімін ауданның бас имамы Бақжарық Қызырұлы жүргізді. Рәсім барысында ол қасиетті неке – отбасы берекесінің бастауы екенін атап өтіп, жас жұбайларға имандылық, өзара сыйластық пен жауапкершілік жайында тағылымды насихат айтты.
Сондай-ақ ерлі-зайыптыларға бір-біріне құрметпен қарап, шаңырақтың бірлігі мен татулығын сақтап, ұрпақ тәрбиесіне мән берудің маңыздылығын түсіндіріп, жаңа отбасына бақ-береке, ұзақ ғұмыр мен бақыт тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































