Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі тыңдады 4810

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі тыңдады

08 қыркүйек 2025 137 Оқу 1 минут

Бүгін елорда да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын арнады. 

Жолдауда экономика, логистика және өзге де өзекті мәселелер қозғалып, Жасанды интеллект көмегімен өзгерістер енгізу сөз болды.

Аталған жолдауды Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев және өкілдікке қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері тыңдады.

Мемлекет басшысы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалатынын айтты.

«Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін. Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі