Ақтөбе: Облыс әкімі ауызашар берді 1599

Ақтөбе: Облыс әкімі ауызашар берді

28 сәуір 2022 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың әкімі Оңдасын Оразалин Қадір түні қарсаңында ауызашар берді. 

Рухани басқосуға жергілікті жамағатпен қатар, ауыз бекіткен зиялы қауым өкілдері, дін мамандары, құрметті ақсақалдар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар т.б қатысты.

Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекежан қажы Ахан т.б сөз сөйледі. Сонымен қатар ауызашарда облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы жиналған қауымды Рамазан айы және Қадір түнімен құттықтады. Ал «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков қасиеті Рамазан айы туралы уағыз айтты.

Құран түскен он екі айдың сұлтаны Рамазандағы игі басқосуда Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов Құран оқыса, облыстың Бас имамы батасын жасап, дұға етті.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі