Қабақ баба: «Әуезді азаншы» жарысы өтті
ҚМДБ бекіткен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде жамағат арасында «Әуезді азаншы» жарысы өтті.
Шарапаты мол Шағбан айында ұйымдастырылған шара азанның дұрыс айтылуы мен оған аса жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндірді.
Сайысқа 13 адам қатысып, арнайы қадағалаушы әділқазы алқаларының шешімімен үздік шыққан үш адам жүлделі орындарға ие болды.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы сайысқа белсене қатысқан жамағатқа ерекше ықыласын айтып, алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі