Қобда: Жамағат арасында қайырымдылық турнир ұйымдастырды 2209

Қобда: Жамағат арасында қайырымдылық турнир ұйымдастырды

27 қазан 2022 97 Оқу 1 минут

Қобда ауданындағы «Шәріп молда» және «Бақыт ана» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам діні – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында футболдан достық кездесу ұйымдастырылды.

Жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында өткен қайырымдылық турниріне Ойыл, Мәртөк, Қобда ауданының жамағаты қатысып, қортынды есеп бойынша Ойыл ауданы жеңімпаз атанды. Ал Қобда ІІ орын, Мәртөк ІІІ орынды иеленді. 

Одан өзге шағын турнирден түскен қаржы аудандық мешіттің жөндеу жұмысына берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі