#Рамазан2026: «Оразаға қатысты 200 сұрақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды 6027

#Рамазан2026: «Оразаға қатысты 200 сұрақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

05 наурыз 2026 19 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Шалқар ауданында әйел жамағаты арасында «Оразаға қатысты 200 сұрақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – Рамазан айының рухани мәнін тереңірек ұғындыру және жамағаттың көкейіндегі сауалдарға нақты жауап беру.

Кездесу барысында ұстаз Жұлдыз Тлеубай оразаның рухани тәрбиелік қырлары мен құлшылықтағы жауапкершілік жайына тоқталса, ұстаз Арай Бақытқалиева ораза үкімдеріне қатысты өзекті мәселелерді кеңінен түсіндірді.

Еркін форматта өткен жиында қатысушылар көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алып, рухани танымын арттырды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі