Талдысай ауылдық мешітіне қызметтік автокөлік табысталды
Естеріңізде болса, Қобда ауданының имамы Шымболатов Абай ауданның жанашыр кәсіпкері Әбреш Қуанышбек Бауыржанұлынан мешіт қызметіне арналған жаңа қызметтік көлік сыйға алды. Бұл игі қадам діни қызметтің сапалы атқарылуына, дәстүрлі дініміздің жайылуына үлкен септігін тигізбек. Өз кезегінде имам көрсетілген сенім мен қолдауға жауап ретінде өзіне тиесілі бұрынғы көлігін Талдысай ауылдық мешітіне сыйға тартып, ауыл имамы Отарбаев Даниярға кілтін табыстады. Бұл сауапты іс ел ішінде туған жерге тағзым, қайырымдылық пен ынтымақтың, өзара сыйластықтың жарқын көрінісін көрсетіп жатыр. Алла разы болып, қабыл етсін.





































