РАНТ мүшесі, "hибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұрәлі Бақытұлы 21-22 шілде күндері Шалқар ауданына  арнайы іс-сапармен барды. 3460

РАНТ мүшесі, "hибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұрәлі Бақытұлы 21-22 шілде күндері Шалқар ауданына арнайы іс-сапармен барды.

21 шілде 2024 566 Оқу 1 минут

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, елімізге белгілі ұстаз Нұрәлі Бақытұлы Шалқар ауданына ат басын тіреді.  Іс - сапар аясында Шалқар жамағатымен жүздесуі жоспарланған болатын.

Ең алдымен РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен танысты. Содан кейін аудан Бас имамы Абзал Медетбеков  мешіт қызметкерлерімен  бірге ұстаз Нұрәлі Бақытұлына Шалқар ауданында жаңадан салынып жатырған мешіттің құрылыс барысын таныстырды. Өз кезегінде РАНТ мүшесі салынып жатқан жаңа мешіттің жұмысына сәттілік тілеп, құрылыс жүргізуші азаматтарға ризашылығын білдірді.

Сондай – ақ, ұстаз Нұрәлі Бақытұлы Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің асханасында  «Ұлттың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде» тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен кездесу өткізді. Құлшылық ордасына ақшам намазынан кейін Шалқар ауданының жамағаты толықтай жиналып, білімнен пайда алуға асықты. Алғы сөзді Аллаға мадақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауатпен бастаған ұстаз Нұрәлі Бақытұлы ізгі, салиқалы әкенің ұрпаққа қалдырар пайдасын, ізгі ұрпақтың салиқалы амалдары арқылы  әкеге баратын сауаптарына тоқталды.

 РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы сұхбат барысында «Бабаларымыз бұрыннан Құдайдан қорқатын перзент тәрбиелеп, балаға ең алдымен имандылық тәрбиесін сіңіруді көздеген. Себебі Алланы таныған, Құдайдан қорқатын перзент ешуақытта ата-анасына қарсы келмейді, қоғамға кері әсерін тигізбейді. Керісінше зерек, алғыр болып өсіп, ата-анасын екі дүние жақсылығымен қуантып, хәкім Абай айтқандай, кірпіш дүниедегі кетігін тауып қаланып, қоғамда орны бар өз ісінің маманы екенін дәлелдейді» - деп ұрпақ тәрбиесінің маңызына  тоқталды. Уағыз- насихат соңында мешіт жамағаты арасынан бірнеше сұрақтар қойылды. Жамағат әрбір сұрақтарына толыққанды жауап алып, ұстазға ризашылықтарын білдірді.