«Салауат сырлары» атты салауат айтудан  марафон өтті 3836

«Салауат сырлары» атты салауат айтудан марафон өтті

18 қазан 2024 284 Оқу 0 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық "Бегімбет " мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен жамағат арасында бір апталық «Салауат сырлары» атты салауат айтудан марафон өтті.

Ғибратқа жол бастар «Салауат сырлары» марафоны 1 аптаға жалғасын тауып, үздік үміткерлер іріктеп алынды.

Жарыс қорытындысы мен марапаты ауылдық «Бегімбет» мешітінде өтті.Шара барысында ауыл имамы Нұрдәулет Әуезов салауат айтудың артықшылығын баяндап, насихат айтты.

Жүлдегерлер арнайы алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Марафонға қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта игі бастама жалғасын тапса деген тілегінде айтты.