Түзету мекемесінде спорт  сайысы өтті 2208

Түзету мекемесінде спорт сайысы өтті

26 қазан 2022 202 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы 8  түзету мекемесінде облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің демеушілігімен, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы және ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Еламан Кәрімнің бастамасымен спорт сайысы өтті.  

"Ислам діні — ынтымақ пен бірлік діні" жылы аясында жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шағын футболға 4 команда қатысып, өзара бақ сынады. 

Шара қортындысында додада белсенді қатысушыларға волейбол ойынына арналған тор және футбол  мен волейбол доптары сыйға табысталды. 

Ақтөбе облыстық орталық

 "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі