Қобда: Аудандық бата жарысы ұйымдастырылды 4209

Қобда: Аудандық бата жарысы ұйымдастырылды

20 ақпан 2025 118 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде «Ақ бата» атты ақсақалдар арасында бата беру жарысы өтті. 

Ауданның бас имамы Шымболатов Абай: «Бата беру — қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі, яғни бата беру рәсімі. Бата — ақ ниетпен, ақ тілекпен айтылатын сөз, ол халықтың рухани күші мен бірлігін нығайтады», деп жарыс шарттарын түсіндірді.

Жарыс бірінші өзін таныстыру, екінші салт-дәстүрден сұрақ, үшінші тақырып батасынан тұрды.

Қазылар алқасында аталар мектебінің төрағасы Нұржанов Асқар ақсақал мен Шымболатов Абай имам болды.

Топты жарып жоғары баға алғын Изтлеуов Айса облысқа жолдама алып 20000 тг иеленсе, екінші орынды Есмағамбетов Алпамыс 15000 тг, үшінші орынды Көпесұлы Ризабек 10000 тг және қатысушыларда 5000 тг сертификатпен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі