Ақтөбеде ХІ Республикалық Құран жарысына іріктеу басталды (ФОТО) 1997

Ақтөбеде ХІ Республикалық Құран жарысына іріктеу басталды (ФОТО)

24 тамыз 2022 149 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы басталды. 
Аталған сайыс Құран Кәрімнің 20 парасын, 10 парасын , 29-30 парасын және толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 5 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Дәулет Қыдарбайдың әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қайырқожа мешітінің имамы Сұңғат Саметов жүргізуде.

Жарыс басында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылары: Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев, Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов.

Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 30-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынауда.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі