Серікжан Еншібайұлы: Ата Заңымыз – ел дамуы мен көркеюінің бірден бір негізі. 785

Серікжан Еншібайұлы: Ата Заңымыз – ел дамуы мен көркеюінің бірден бір негізі.

30 тамыз 2021 145 Оқу 1 минут

 

Серікжан қажы Еншібайұлы,

Ақтөбе облысының Бас имамы

 

Құрметті қауым!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Ата Заңымыз – ел дамуы мен көркеюінің бірден бір негізі. Мемлекетіміздің тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігімен биік белеске жетіп отыр. Қазақ елінің халықаралық қауымдастықтар алдында мәртебелі орын алып, мерейінің үстем болуы осының айқын айғағы.

Кез келген мемлекеттің ұста­нымын, ұлтының құндылығын айқындайтын негізгі Құжат – Конституция.

Ата Заңымыз – әр адамның діни наным-сенім бостандығына кепілдік берді. Осының арқасында тарихи құндылықтарымыз қайта оралып, өшкеніміз қайта жаңғырды. Жер-жерде күмбезі көкпен таласқан мұнаралы мешіттеріміз көбейіп, іргелі діни оқу орындары ашылды. Дәстүрлі дінге демеу боларлық істер қатары әлимсақтан мұсылман қазақ халқының Құрбан айт мерекесін мемлекеттік деңгейде тойланатын мейрам ретінде мәртебесін көтеруімен толықты.

Ата Заңымыздың дәстүрлі дінге жасаған қамқорлығы, көрсеткен құрметі ерекше екенін атап өткеніміз жөн.
Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!