Шалқар: Имамдарға жылдық жоспар таныстырылды 4208

Шалқар: Имамдарға жылдық жоспар таныстырылды

20 ақпан 2025 116 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы имамдарына мүфтият бекіткен жұмыс жоспары негізінде 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстыру мәжілісі өтті.

Жиынға Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков бастаған аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.

Алғаш болып сөз алған Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков осы жылы басымдық берілетін төрт бағытқа айрықша тоқталды. Олар: «Дін мен дәстүр», «Ихсан және Насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру». Дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.

«Отбасы - ізгі қоғамның басты тірегі. Барлық қала, ауыл мешіттеріне жыл бойы жас отбасыларға арналған семинарлар ұйымдастыруды, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай айтулы іс-шараларды өткізуде белсенділік танытуға шақырамын. Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, баршамызға ынтымақпен исламға қызмет етуді жазсын», - деді Бас имам.

Сонымен қатар, бағдарлық баяндамада айтылған маңызды тапсырмаларға тоқталып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Мүфтият бекіткен тақырыптар аясындағы медиа-жоспар бойынша мақала, видео-дәрістер дайындауды тапсырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі