Ақтөбе: РАНТ мүшесі облыс әкімінің орынбасарымен кездесті 4169

Ақтөбе: РАНТ мүшесі облыс әкімінің орынбасарымен кездесті

14 ақпан 2025 191 Оқу 1 минут

Бүгін  Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлымен кездесті. 

Кездесуге Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев қатысты.

Аталған кездесу барысында өңірдегі діни білім мен біліктілік, дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелері талқыланды.

РАНТ мүшесі келешек ұрпағымызға ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізуге арналған қара шаңырақ ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан шыққан төл кітаптары  «Дін мен дәстүр ІІІ том», «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітаптарын тарту етсе, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Мансұров пен Айбек Аташевқа құтты мекен Ақтөбе қаласының энцеклопедиясын сыйлады.

Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды бірлесе атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі