«Нұр Ғасыр»:  Табиғат аясында серуен ұйымдастырылды 2794

«Нұр Ғасыр»: Табиғат аясында серуен ұйымдастырылды

21 маусым 2023 223 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары жазғы сауат ашу курсындағы 30 шәкіртке табиғат аясында серуен ұйымдастырды. 

Шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында ұйымдастырылған арнайы шарада ата-ананы құрметтеу, кішіпейілділік, еңбекқор сияқты қасиеттердің ислам дінінде қаншалықты маңызды екені түсіндірілді.

Айта кетсек, жазғы мезгілде мешіт оқушаларына арналған курста игі шаралар әлі де жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі