Әйелдер орталығында сенбілік уағыз өтті 4765

Әйелдер орталығында сенбілік уағыз өтті

25 тамыз 2025 69 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында жамағаттың діни білімін көтеріп, рухани біліммен тұрақты түрде қамтамасыз етуге арналған сенбілік уағыз өтті. 

Мешіттің ұстазы Айзат Қобланқызы «Адам ата мен Хауа ананың қиссасынан алатын өнегелер» тақырыбында уағыз айтып, адамзат тарихының бастауы мен ондағы сынақтардың түрлері, Жаратушының пенделеріне берген нығметтері турасында кеңінен талдап өтті.

Насихат қорытындысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі