«Жүзден  – жүйрік, мыңнан –  тұлпар» атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды 2796

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды

21 маусым 2023 263 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында әйел жамағаты арасында «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атты интеллектуалды білім сайысы өтіп, ауданындағы мешіттерде білім алып жатқан үздік шәкірттерден құралған 2 топ сайысқа түсті.

Дода барысында «ҚМДБ пәтуалары» , «ҚМДБ мүфтилері мен мешіттері», «Интелектуалды сұрақтар», «Құранда келген қай аят», «Кім тапқыр», «Ата салтым – асыл қазынам» тақырыбында сұрақ-жауап қойылып, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және психолог маман Құралай Құрбанова қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім жарысында «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде білім алудан жалықпаған 66 жастағы Айғаным Жұмакешова атты әже төрелік етті.

Одан өзге білім сайысының қортындысында барлық қатысушылар бағалы сыйлықпен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі