Ақтөбе: Шәууәлдағы шүкірлік 1700

Ақтөбе: Шәууәлдағы шүкірлік

12 мамыр 2022 180 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастырумен Шәууал айында нәпіл ораза ұстап жатқан әйел жамағатына ауызашар берілді.

Руханиятты байытатын игі басқосуда облыстың орталық мешітің наиб имамы, ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі
Алмат Әли облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан Рамазан айы қарсаңында «Әйел-қыздар» ұйымдастыруымен өткен іс-шараларда (ауызашар, жәрмеңке және мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату т.б қайырымдылық іс-шараларына) атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс хат табыстап, сыйлық тарту етті. Сонымен қатар «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Ал «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызы
Шәууал айының қадір-қасиеті туралы, «Дұға – ғибадаттың мәйегі» тақырыбында уағыз айтып, келесі Рамазанға дейін ізгі амалдарды арттыруға үндеді.

Іс-шара қортындысында ақ жаулықты әжелер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі