«Нұр Ғасыр»: Рамазан айы туралы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылды 2581

«Нұр Ғасыр»: Рамазан айы туралы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылды

25 наурыз 2023 141 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен Рамазан айы туралы жамағатқа арнайы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылды.

Рамазан айының алғашқы жұмасында облыстың Бас имамы жамағатпен жүздесіп, қасиетті ай, он екі айдың сұлтаны Рамазанның келуімен құттықтады.

Сонымен қатар Серікжан Еншібайұлы мен облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Рамазан айында атқарылатын құлшылықтар туралы жамағаттың сұрағына толыққанды тұщымды жауап берді.

Имамдар ұлық айдың қадір-қасиеті туралы насихат айтты.

Одан өзге жиналған жамағатқа «Ораза тағлымы» және қазақ-орыс тілінде жарық көрген «Рамазанға қатысты 150 сұрақ» атты кітаптарды табыстады.

Игі бастама ай бойы жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі