Мұғалжар ауданы дін қызметкерлерімен толықты 1949

Мұғалжар ауданы дін қызметкерлерімен толықты

23 шілде 2022 156 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұғалжар ауданы дін қызметкерлерімен толықты. 

Атап айтсақ, биылғы «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлектері Өтеғұлов Асхат Жанұзақұлы Жұрын ауылдық «Хайролла» мешітінің имамы, ал Бали Даниал Закария Мұғалжар ауылдық мешітінің имамы болып тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған дін қызметкерлерін Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Ерғазин жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен жамағатқа таныстырып, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.

Одан өзге әкімшілік тараптан имамдарға қызметтік үй берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі