Ақтөбе: Жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті 2287

Ақтөбе: Жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті

16 сәуір 2024 1278 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің неке залында ҚМДБ-дың 7 бағыттарының бірі – дін мен дәстүр аясында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Бақытты отбасы – ұлт тірегі» атты жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті.

Игі шара барысында облыстық орталық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты.

Аталған шараға «Нұр Ғасыр» мешітінде некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындап қайтты. Одан өзге наиб имам 3 жас жұбайдың некесін қиды.

Үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайлар үшін отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында ағалық ақыл-кеңес, үлкеннен үлгі-өнегенің нағыз керек шағы. Осыны ескерген мешіт имамы отбасы бірлігі мен тыныштығын сақтау жөнінде тұшымды насихат айтып, жанұя жарасымына қол жеткізу жолдары жайлы баяндады. Сонымен қатар игі бастама алдағы уақытта да желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді.

Отбасы құндылықтар жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен семинар-тренинг қатысушылар үшін орны бөлек азық болды.

Шара қорындысында салтанатты түрде жас жұбайларға «Нұр-Ғасыр» мешіті атынан неке куәлігі табысталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетсек, 10-нан астам жас жұбайлар қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі