27 Мұхаррам
«Менің әкем» эссе байқауы өтті 4530

«Менің әкем» эссе байқауы өтті

20 мамыр 2025 313 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен 7-14 жас аралығындағы қыз балалар арасында «Ұлттық тәрбие» бағытында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Менің әкем – жақсы адам» тақырыбында эссе байқауы өтті. 

Сайысқа келіп түскен жұмыстарда негізінен әке – отбасының қамқоршысы, қорғаушысы, ақылшысы, перзенттері үшін асқар тау екені айтылған. Қазылап алқасы бала мен әкенің арасындағы сүйіспеншілік пен мейірімділікті дәріптейтін жұмыстарға назар аударып, ерекше бағалады.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Төлеужанова Райхан жеңіп алса, ІІ орынды Абилхасен Хидаят қанжығалады. Жүлделі ІІІ орын Серік Іңкәрдің еншісіне бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі