«Нұр Ғасыр»: «Өнерлі қыз – өнегелі ана» атты шеберлік дәрісі  ұйымдастырылды 2532

«Нұр Ғасыр»: «Өнерлі қыз – өнегелі ана» атты шеберлік дәрісі ұйымдастырылды

06 наурыз 2023 155 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ақмарал Ерболатованың жетекшілігімен «Өнерлі қыз – өнегелі ана» атты шеберлік дәрісі өтті. 

Шеберлік сағаты барысында шәкірттерге Жайкенова Дария мен Сагиева Назира лекаланы қолдану тәсілінің оңай жолдарын меңгеріп пішуді және іс машинасының түрлі тігістерін қолдана отырып, белдемше және заманауи кимешек(балаклава) тігуді үйретті.

Одан өзге облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова
шеберлік сағатын өткізген тігіншілерге хадия ретінде кітап тарту етті.

Айта кетсек, іс-шараға 20 шәкірт қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі