Қобда: «Ислам және насихат» бағыты аясында әйел жамағатына насихат айтылды 2531

Қобда: «Ислам және насихат» бағыты аясында әйел жамағатына насихат айтылды

06 наурыз 2023 279 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – «Ислам және насихат» бағыты бойынша Қобда ауданының Бас имамы Абай Мәлікұлынының шақыртуымен облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен Мәртөк аудандық мешітінің ұстазы Радина Бимолдина ауданның әйел жамағатына уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында сектор жетекшісі діни басқарманың биылғы бағытын түсіндіре келе, ізгі қоғамды қалыптастыруда әйелдің, ана, жар ретінде алар орны ерекше екенін жіті түсіндіріп өтті.

Әйел жамағатын асыл дінімізді бабаларымыз салып кеткен сара жолы салт дәстүрмен ұштастырып, тәрбиелеп жатқан ел болашағы, жастарымызға өнеге болуға шақырды.

Сонымен қатар ежелден туыстық қатынасты ту еткен қараға тамырлы қазақтығымызды сақтап, жақын жуыққа қол көмегін созып, жағдайы нашар, сырқаттанып қалған бауырларымызға қарайласу да сауабы зор амалдардан екенін ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көптеген хадистерде атап айтқанын тілге тиек етті.

Одан өзге Мәртөк ауданының ұстазы Радина Бимолдина дін тұрғысынан ислам, иман, ихсан ұғымдарын талдап түсіндіре отырып, сеніммен ғибадатты шынайы ықыласпен атқарған адам көркем мінез иесі ретінде ізгі қоғам қалыптастыруға қосар үлесі көп екенін айтты.

Насихатқа ден қоя тыңдаған қыз-келіншектер қонақтарға рақметін айтып, ақ жаулықты әжелер алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Руханиятты байытатын осындай насихат жұмыстары жиі ұйымдастырса деген ізгі тілектерін білдірді. Ал ауданға қонақ ретінде келген ұстаздар шараны ұйымдастырған Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мустахапқа алғысын айтып тарқасты.


Ақтөбе облыстық орталық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі