«Намаз мүміннің миғражы» атты семинар өтті 4103

«Намаз мүміннің миғражы» атты семинар өтті

30 қаңтар 2025 61 Оқу 1 минут

Миғраж түніне орай мешіт жамағатына «Намаз бабы. Намаздағы хушуғ» тақырыптары төңірегінде семинар өтті.

Оның ішінде «Намаз -діннің тірегі, көздің нұры, Аллаға жақындайтын хақ жол әрі Ақыретте амалдардан алғашқы сұралатын құлшылық. Намаз Жерде емес, Миғраж түнінде үмметке сый етіп берілген. Саны қысқарса да еш сауабы қысқармаған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : Ия, Ұлық болған Алла Тағала! Маған Миғраждай нығметпен нығметтендірдің, сансыз игілік бердің. Енді үмметімді де сондай нығметпен қуанта көр!» дегенде «Намаз - мүміннің миғражы» делінген. Сондықтан әр намазды рухани миғраж еткендей, хушуғпен, тақуалықпен оқуға тырысу керек. Намаздағы тақуалық сақтаудың жолдары: ихсан дәрежесі, оқыған сүре, дұғалардың мағынасын ойлау, намаздың ішкі, сыртқы әдептерін сақтау, тәртібін толық орындау» деген секілді насихат айтып өтті мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова.

Сондай-ақ семинарда намаз оқудың үлгісі, дәрет жайында, нәпіл намаздың түрлері т.б туралы шәкірттердің сұрақтарына толық жауап берілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі