Әйелдер орталығында салт-дәстүр насихатталды 3311

Әйелдер орталығында салт-дәстүр насихатталды

27 наурыз 2024 1141 Оқу 1 минут

Қасиетті мүбәрак Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында наурыз мерекесіне орай іс-шара өтті.

Шараның басты мақсаты-ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрдің маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Назерке Айбекқызы және Жұлдыз Бауыржанқызы «Салт-дәстүрдің діндегі орны» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қоғамдағы әдет-ғұрыптың маңыздылығын, дінмен сабақтастығын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ұмытылып бара жатқан халқымыздың дәстүрлері туралы тың ақпараттар айтылды.

Одан өзге тәрбие тұнығы туралы көрініс көрсетіліп, жамағатқа сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

Шара соңында көпшілікке мерекелік дастархан жайылып, үлкендер бата берді.