«Нұр Ғасыр» мешіті «Қайырымды жұма» акциясын ұйымдастырды 495

«Нұр Ғасыр» мешіті «Қайырымды жұма» акциясын ұйымдастырды

01 ақпан 2021 196 Оқу 1 минут

Өткен жұмада ҚМДБ «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өткізілді. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне келіп өтініш білдірген 4 мұқтаж әйел және 1 ер кісіге әрқайсысына 20 мыңнан жалпы құны 100 мың теңге ақшалай көмек берілді. Аталмыш акцияның ерекшелігі, енді бұдан былай мешіттерге көмек сұрап келген мұқтаж жандарға қайырымдылық көмектер Исламда айрықша қасиетті күн саналатын жұма күні берілетін болады. Мұндағы мақсат исі мұсылман қазаққа қасиетті жұманы дұғалар қабыл болатын әрі мұсылмандардың басын бір жерге шоғырландыратын және қайырымды істер молынан жасалатын күн ретінде насихаттау. Көмек сұраушыларға осы күнде мешіттерде қайырымдылық таратылатынын білдіріп, аталмыш күнге мешітке келтіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі таңда «қара жұма» деген атаумен қасиетті күнді теріс жағынан көрсетіп, азғындықты насихаттап жатқан кейбір топтардың көзқарасын бұрысқа шығару.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі