50 мұқтаж отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды 3314

50 мұқтаж отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

27 наурыз 2024 1139 Оқу 1 минут

Қасиетті айдың құрметіне орай «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 50 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың бастамасымен және демеушілік көрсеткен жомарт азаматтар себепкерлігімен жүзеге асқан шараның басты мақсаты- қоғамдағы көмекке мұқтаж отбасылардың жүгін жеңілдетіп, көмек қолын созу.

Асыл дініміздегі ең басты қағидалардың бірі де өзгелердің қызметінде болып, жақсылыққа ұмтылу. Ол туралы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтеп берсе, Алла тағала ол адамның мұң-мұқтажын Өзі өтеп береді,»-деген.

Ендеше, аталған іске мұрындық болған барша азаматтарға Алла разы болып, сансыз сауаптар жазсын деп тілейміз!