Ақтөбе мешіттері 273 оқушыны мектепке дайындады 69

Ақтөбе мешіттері 273 оқушыны мектепке дайындады

06 қыркүйек 2020 133 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Ақтөбе мешіттері жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Жаңа оқу жылының қарсаңына орай ұйымдастырылған бұл дәстүрлі игі шара тек Ақтөбе қаласында ғана емес, аудандық және ауыл мешіттерінде де жүзеге асты. Мақсат – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. «Мектепке жол» акциясы аясында 273 ақтөбелік оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Олардың арасында «Жусан» операциясы бойынша елге оралған отбасылардың балалары да бар.

Атап айтқанда, «Нұр Ғасыр» облыстық мешітте 80 оқушы, аудандық мешіттерде 82 оқушы, Ақтөбе қаласындағы мешіттерде 111 оқушы қамтылды.

273 баланың 248-не оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері берілсе, 25 балаға онлайн оқу үшін қажетті планшет пен нетбук тарту етілді. Оған жалпы алғанда 2 409 150 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Облыстың бас имамы Төлеби Оспан дініміздегі білім алудың орны мен білімнің маңыздылыған тоқталып, әрбір ер мен әйелге білім алудың парыз екендігін айтты.

Игі шараларға жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты барша мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық жомарт жандарға өз алғыстарын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


"Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешіті


Ақтөбе қалалық орталық мешіті

Алға аудандық мешіті

Темір аудандық мешіті

Мұғалжар ауданы мешіттері

Хромтау аудандық мешіті

Байғанин аудандық мешіті

Әйтеке би аудандық мешіті

Мәртөк аудандық мешіті

Ойыл аудандық мешіті

Қарғалы аудандық мешіті