«Дархан дала»: Шалқар ауданының имамдары Есет Көтібарұлы кесенесін зиярат етті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Шалқар ауданының имамдары Есет Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен рухани сапарға 3 имам және мешіт ақсақалдары қатысты.
Сапар барысында имамдар қазақ халқының даңқты батырларының бірі, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне зиярат етіп, ұлы тұлғаның рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар, батырдың ерлігіне тағзым жасалды.
Одан өзге, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков жиналған қауымға «Қабір зияратының әдебі» тақырыбын кеңінен түсіндіріп өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа тарихи тұлғаларды таныту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





.





































