МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНЕ БАРДЫ 2339

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНЕ БАРДЫ

05 қаңтар 2023 106 Оқу 1 минут

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысымен бірге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, марқұмдар үшін арнайы дұға жасады.