“Ар-Рахим” мешітінде “Рамазан сыйы” атты қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы “Ар-Рахим” мешітінде “Рамазан сыйы” атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған игі шара мешіттің бас имамы Елмұрат Мырзабаевтың ұйымдастыруымен өткізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 135 отбасыға 3 тонна ұн және азық-түлік себеттері таратылды.
Шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Осындай игі істер арқылы жамағат арасында бірлік пен мейірім арта түсуде.
Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.







































