Шалқарда «Отбасы бақыты және оның құндылығы» атты игі шара өтті.
Шалқар қайырымдылық мекемесінде «Отбасы бақыты және оның құндылығы» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай әйел жамағатына «Отбасы бақытты, берекелі өмір сүру үшін не істеу керек?» және «Ерлі-зайыптылар арасындағы мәміле» тақырыбында мазмұнды насихат айтып, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік пен түсіністіктің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, «Жанаман ахун Сейітіміұлы» мешітінің ұстазы Арай Бақытқалиева «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың орны, отбасының рухани ахуалы мен дұрыс тәрбие берудің қоғам үшін маңызын атап өтті.
Шара аясында «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің психолог маманы Ә. Айтжанова «Отбасы бақыты» тақырыбында арнайы тренингтер өткізіп, қатысушыларға отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған практикалық кеңестер берді.









































