Әйтеке би аудандында  «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті 819

Әйтеке би аудандында «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті

10 қыркүйек 2021 96 Оқу 1 минут

Әйтеке би аудандық орталық мешіттің Бас имамы Тілес Ғабидолланың ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Ихсан – тәрбие негізі» атты кітаптың танытымы өтті.

Бас имам жаңа еңбекте ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылғандығы жайлы түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ауыл ақсалы Тоқмырза Бекетов кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінезді қалыптастыру жолдары туралы жазылғандығын айтты.

Шара қортындысында оқырмандар бұл еңбекпен етене танысуы үшін Бас имам Тілес Ғабидолл «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын кітапхана қорына сыйлыққа табыс етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі