Ақтөбеде бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды 6325

Ақтөбеде бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды

06 мамыр 2026 31 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды. Атап айтқанда, ИП «Express» ет дүкені жаңадан иеленсе, ЖШС «Азия Ингредиент» кәсіпорны балмұздақ өнімдері бойынша берілген халал куәлігін қайта жаңартты.

Сонымен қатар кәсіпорын мамандары мен қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, халал стандарт талаптары жан-жақты түсіндірілді. Семинар барысында қасапшылық үдерістеріндегі талаптар мен санитарлық нормалардың маңыздылығы жіті айтылды. Нәтижесінде қатысушыларға қасапшылық куәліктері берілді.

Куәліктерді тиісті сала мамандары табыстап, адал өнім өндіру жолындағы жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше баяндап, халал талаптарын сақтау – тұтынушы сенімі мен сапалы қызметтің негізгі кепілі басты назарда болу керектігі де түсіндірілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі