«Әл-Азhар» университетінің магистранты Шалқар ауданында іс-сапарда
«Әл-Азhар» университетінің магистранты, Даруль Ифта түлегі Ерлан Матайбаев ақида және фиқh пәндерінен дәріс өтуде.
Атап айтар болсақ, ұстаз Ерлан Матайбаев Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде күн сайын «Мажмаьул-анхур» және «Дауь маьали» кітаптарынан жамағатқа дәріс оқып, маңызды мәселелерге тоқталды. Одан өзге әр жексенбі Имам Ғазалидің «Бидая әл-хидая» кітабынан дәріс өтуде.
Дәрістің негізгі мақсаты – жамағатқа ақида және фиқh ілімдерін дұрыс түсіндіру, күнделікті өмірде діни мәселелерді дұрыс шешуге бағыт беру. Сонымен қатар, мұсылман өміріндегі дұрыс іс-әрекет жолдары үйретіліп, діни білімді тереңдету көзделген.










































