«Салауат апталығы» қорытындыланды
Ардақты Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы Мәуліт айына орай «Бақытжан» мешітінде «Салауат апталығы» қорытындыланды.
«Салауат — өмірді берекелендіреді, ризықты ұлғайтады, дұғалардың қабыл болуына себепкер» деген т.б артықшылықтарын білетін жамағат апта бойы Мұхаммед пайғамбарға пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдап, әр айтылған салауат есебі жіберіліп, ұйымдастырушалар оның есепке алынып отырды.
Мәуліт шарасында апталық қорытынды жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау мақсатында уағыз-шай өтті.
Уағыз бас қосуында құрметті қонақтар облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушқарова, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Гүлжайнар Мұсақызы мен Айзат Қобланқызы, Қобда ауданық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мұстахап «Пайғамбар өнегесі», «Пайғамбар алдында әдеп», «Сүннетпен өмір» атты тақырыптарда уағыз -насихат айтты.
Ал «Салауат апталығы қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1 орынды Қарасаева Жадыра 474.322 салауат (бағалы сөмке), 2 орынды Айдана Жақсылық 370.564 салауат (бағалы сөмке), 3 орынды Маншүк Шүкіралиева 200.000 аса салауат (бағалы сөмке) айтумен иеленді. Сонымен қатар басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлвқтары берілді.
Мерекелік дастархан жайылып, ақ жаулықты әжелерден бата берсе, жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































