Шалқарда әйел жамағатына Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Шалқар ауданында «Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт айы» атты әйел жамағатына арналған рухани кеш өтті.
Іс-шара Шалқар қайырымдылық мекемесінде салауат айтумен басталып, «Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты бейнеролик көрсетумен жалғасын тапты.
Кеш барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен көркем мінезі, салауат айтудың артықшылықтары жайында баяндады.
Сонымен қатар әйел жамағаты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйген ас түрлерінен көрме ұйымдастырып, көпшілікке әр тағамның маңызын түсіндірді.
Одан бөлек, әйел жамағаты Құран, сира, әдеп бойынша бақ сынасып, түрлі тақырыптарда сахналық көріністер қойды. Нәтижесінде белсенді қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды7
Шара қорытындысында әжелер бата беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































