Мәртөкте Ораза айт тойланды 1654

Мәртөкте Ораза айт тойланды

03 мамыр 2022 107 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінде Ораза айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, мешіт жамағаттары арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.

Мереке қарсаңында аудандағы көпбалалы, жалғызбасты 20 анаға «Рамазан сыйы» акциясы аясында 500 000 теңге қаржылай қайырымдылық жасалды.

Сонымен қатар 300 баланы қамтыған баларларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, тегін балмұздақ, сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Одан өзге Саржансай ауылында мешіт жамағатына арналған футбол ойыны ұйымдастырылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі