Әйел жамағаты 100 адамға ауызашарға су мен құрма таратты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айына бекіткен жоспарына сай имамдар мен ұстаздар қайырымыдылық шараларын жасап, ізгілікті насихаттауда.
«Бақытжан” мешітіндегі әйел жамағаты қасиетті Рамазан айының берекелі күндерін тиімді ұйымдастыру мақсатында ерлер намазханасына ауызашар сәтінде 100 дана құрма мен суларды таратты.
Сауабы мол Рамазан айында мұндай игі іс келер ұрпаққа көрсетілген жақсы үлгі өнеге әрі жамағатты қайырымды игі істерге ынталандыру болмақ.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі